Украиналық "Алло" электроника дүкені байқау ұйымдастырды. Бас жүлде - қара түсті iPhone 7. Бұл туралы хабар компания сайтында және әлеуметтік желілерде тарады.
Есімін Сим (Ciм), тегін "Айфон" қылып өзгертіп, оны құжатымен дәлелдеген алғашқы бес адамға бір гривнаға (12,84 теңге) аталмыш смартфон беріледі.
Науқан 2016 жылдың 17 қазанынан басталып, бес жеңімпазға телефон берілгенге дейін жалғасады. iPhone алу үшін аты-жөнін өзгерткендердің украиналық азаматтық болуы шарт.
Қатысушы жаңа төлқұжатымен суретке түсіп, телефон нөмірін көрсетіп, дүкенге құжаттарымен келуі керек.
ҚазАқпарат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу