Украинада базарда криптовалютамен сауда жасала бастады

1463

Базардағы жеміс-жидек сатылатын сауда орнында бірыңғай QR-кодты құрылғы орнатылған. 

Украинада базарда криптовалютамен сауда жасала бастады

Украина астанасының орталығындағы Бессарабиялық базарда криптовалюта пайдаланыла бастады, деп хабарлайды islam.kz.

"Бессарабиялық базарда тағы бір төлем құралы пайда болды - криптовалютамен есеп айырысу мүмкіндігі туды. Кәсіпорын басшылығы мұндай қызмет түрін Paytomat криптоға арналған төлем жүйесі арқасында енгізіп отыр", - делінген аталмыш кәсіпорынның баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі хабарында.

Аталған базардағы жеміс-жидек сатылатын сауда орнында бірыңғай QR-кодты құрылғы орнатылған. Тұтынушы смартфонындағы криптовалюталық әмиянын сканерлеу арқылы пайдаланып, есеп айырыса алады. Криптовалютамен сауда жасау әзірге тәжірибе ретінде қолданылуда. Егер бұл тәжірибе сәтті жүзеге асса, оны базардың барлық саудасында кеңінен қолданылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу