Украинада Беларусьпен барлық дипломатиялық қатынастарды үзу ұсынылуда

475

Украина Ресеймен ынтымақтастығына байланысты Беларусьпен барлық дипломатиялық қатынастарды үзуі керек.  

Украинада Беларусьпен барлық дипломатиялық қатынастарды үзу ұсынылуда Фото: Анатолій Кінах

Тиісті петиция Украина президентінің сайтында пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сізге Беларусьпен дипломатиялық қатынастарды үзу туралы өтінішпен жүгініп отырмыз... мұндай ұсыныстың басты себептерінің бірі - Беларусь билігінің Ресей Федерациясын белсенді қолдауы мен олардың арасындағы ынтымақтастық. Мұндай серіктестік екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейтіп қана қоймай, Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді", — делінген петиция мәтінінде.

Петиция авторы дипломатиялық қатынастардың үзілуі "ірі саяси қадам" болары сөзсіз және Киевтің серіктестері үшін де үндеу болмақ.

Петиция 26 маусымда тіркелді және оны бір күнде 840-тан астам адам қолдады. Президенттің өтінішті қарауы үшін 25 мың дауыс жиналуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу