Украинада бірнеше шенеунік өз еркімен отставкаға кетті

902

Президент Зеленский бұған дейін алдағы уақытта кадрлық өзгерістер болатынын ескерткен болатын.  

Украинада бірнеше шенеунік өз еркімен отставкаға кетті Фото: cdn.progroshi.news

Сейсенбіде Украинаның бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері президент Владимир Зеленскийдің Үкіметтегі кадрлық өзгерістер туралы мәлімдемесінен кейін отставкаға кететінін жариялады, деп жазады inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Украина Қарулы Күштерін қажетті дүниелермен қамтамасыз етуге жауапты Қорғаныс министрінің орынбасары Вячеслав Шаповалов УҚК-ны азық-түлікпен қамтуға қатысты жанжал аясында оны қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлады әскери Департамент.

Бас прокурордың орынбасары Алексей Симоненко мен Зеленский Кеңсесі Басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко да себепсіз отставкаға кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу