Украинаның Полтава қаласында бойжеткен мектепке арбалет алып келіп, екі мұғалімге жебе атты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Полтава облысындағы ұлттық полицияның сайтына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, № 11 мектептегі оқиға туралы ақпарат 6 қыркүйекте таңертең бөлімге келіп түскен. Шабуыл жасаған – Полтавада тұратын 2002 жылы дүниеге келген украиналық бойжеткен. "Аниме стиліндегі мультфильм кейіпкеріне ұқсас жасыл шашты қыз", – дейді куәгерлер.
Ресми емес мәлімет бойынша, ол осы мектепті тәмамдаған. Оқу орнының директоры Валентина Олийниченконың айтуынша, ол сыныпқа кіріп, мұғалім мен мектеп директорының орынбасарына арбалеттен жебе атқан.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстың себебін анықтауда. Екі мұғалімге дене жарақатын салу фактісі бойынша "қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккен мұғалімдер қазір ауруханада.
Табиғат Нұрболат