Украинаға Франциядан жеткізілген Mirage 2000 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

135

Украина Қарулы Күштерінің Әуе күштері таратқан мәліметке сүйенсек, 22 шілде күні ұшу тапсырмасын орындау барысында Mirage 2000 жойғыш ұшағында техникалық ақау шыққан.  

Украинаға Франциядан жеткізілген Mirage 2000 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады Фото: twz.com

Ұшқыш катапультпен секіріп үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жерде зардап шеккендер жоқ. Авиациялық оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", – деп хабарлады Украинаның Әуе күштері.

Әуе күштері өкілі, полковник Юрий Игнат "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында ұшқыштың:

"Ұшақты басқару мүмкін болмады, бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін істеп, әуе кемесін елсіз жерге, елді мекеннен алысқа бағыттадым", – деген сөзін жеткізді. 

Франция президенті Эммануэль Макрон 2024 жылдың маусымында Украинамен жаңа ынтымақтастық басталғанын, Dassault компаниясының Mirage 2000-5 жойғыштарын Киевке беру және украин ұшқыштарын Францияда даярлау жоспары бар екенін мәлімдеген еді.

Алғашқы Mirage 2000-5 жойғыш ұшақтары 2025 жылдың ақпанында Украинаға жеткізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу