Украинада Харьков әуе күштері университетінің Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы университеттің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды,деп жазады inbusiness.kz сайты.
Апат кезінде экипаждың екі мүшесі қаза тапты.
"Университет пен әскери бөлімнің қолбасшылығы авиациялық оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі талдауға және анықтауға жан-жақты ықпал етеді. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Бұл бәріміз үшін ауыр әрі орны толмас қаза", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу