Украинада індеттің екінші толқыны басталды

721

Күніне 3 мыңнан астам науқас анықталып жатыр.  

Украинада індеттің екінші толқыны басталды

Украинада коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталды. Ел президенті Владимир Зеленский осылай деді.

Зеленский инфекциямен күресті тиімді өткізу үшін шекараны әзірге ашпайтынын мәлім етті.

"Қазір әлемде, соның ішінде Украинада вирустың таралу қарқыны күшейді. Вирус жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Сондықтан шетелдіктердің елімізге келуіне әзірге рұқсат жоқ. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім", – деді ол.

"Соңғы күндері тәулігіне 3 мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр. Өкінішке орай, бұл Украинада індеттің екінші толқыны басталғанын білдіреді. Біз украиналықтардың, шетелдіктердің денсаулығын қатерге тіге алмаймыз. Жағдай реттелген соң ғана шекараны ашамыз", – деп мәлім етті Зеленский.

Соңғы дерек бойынша, бұл елде ауруға шалдыққандардың саны 188 мыңға жеткен. Оның 83 мыңы дерттен жазылса, 4 мыңға жуығы қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу