Украинада Ресеймен қақтығыс басталғалы бері маңызды инфрақұрылымның 702 нысаны зақымданды. Бұл туралы РБК-Украина телемарафон эфирінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Евгений Енинге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Министр орынбасарының айтуынша, жалпы алғанда Украинада 35 мың нысан бұзылған.
"Маңызды инфрақұрылым деп отырғанымыз: газ құбырлары, электр қосалқы станциялары, көпірлер мен т.б. нысандар", - деді Енин.
Бұған дейін ІІМ Украина аумағының шамамен 30 пайызы минадан тазартуды қажет ететіндігін хабарлады, себебі біраз аймақтар жарылмаған снарядтар мен орнатылған миналармен ластанған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу