Украинада қаза тапқан және жарақат алған бейбіт тұрғындар саны 8 мыңнан асты – БҰҰ

731

Донецк және Луганск облыстарындағы Киевтің бақылауындағы аумақта 1973 адам қаза тауып, 1821 адам жарақат алған.

Украинада қаза тапқан және жарақат алған бейбіт тұрғындар саны 8 мыңнан асты – БҰҰ

24 ақпаннан бері Украинадағы қақтығыс кезінде қаза тапқан және жарақат алған бейбіт тұрғындардың саны 8 мыңнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасына сілтеме жасап. 

"2022 жылғы 24 ақпан және 18 мамыр аралығында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы Украинада 8089 адамның қаза тауып не жарақат алғанын тіркеді: 3811 адам ажал құшты,  4278 адам жараланды", – деп жазылған хабарламада.

Басқарманың мәліметінше, Донецк және Луганск облыстарындағы Киевтің бақылауындағы аумақта 1973 адам қаза тауып, 1821 адам жарақат алған. 
Киевте,Черкасская, Чернигов, Харьков, Херсон, Киев, Николаев, Одесса, Сумы, Запорожье, Днепропетровск, Полтава және Житомир облыстарында 1712 бейбіт тұрғын көз жұмып, 1955-ы жараланды.

"БҰҰ дам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы құрбандар саны әлдеқайда көп деп санайды, өйткені қақтығыс болған жерлерден келген көптеген хабарламаларды растау керек,  ал кейбір ұрыс алаңдарынан ақпарат кешіктіріліп жіберіліп жатыр",– деп жазылған БҰҰ басқармасының мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу