Украинада қазақстандық журналистке қастандық жасаған күдіктілер ұсталды

474

Күдіктілер Қазақстан азаматы боп шықты. 

Украинада қазақстандық журналистке қастандық жасаған күдіктілер ұсталды Фото: arbat.media

Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозиционер Айдос Садықты өлтірмек болған қылмыскерлерді тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айдос Садыққа оқ атты деген күдікпен ұсталғандар Қазақстанның екі азаматы болып шықты. Біреуі – 33 жастағы Мейрам Қаратаев және 36 жастағы Алтай Жақанбаев.

Айдос Садықтың әйелі Наталья Садықтың айтуынша, олар оны өлтіруге бұйрық алған.

“Олар 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдосты аңдыған. Осылайша қылмысты жоспарлаған”, – деді Наталья Садық. 

Сөзінше, Мейрам Қаратаев Қостанай облыстық ІІД қызметкері, қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленді.

“Менің украиналық полицейлерге құрметім шексіз. Айдостың жағдайы бұрынғыдай”, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу