Украинада қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан сайт анықталды

1284

Ресурс бұғатталды, қазір тергеу жүргізілуде.

Украинада қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан сайт анықталды

Украинада қазақстандықтардың жеке деректерін жариялаған сайт анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің ІІМ сайтына сілтеме жасап. 

Сайтта Украина, Молдова, Беларусь, Қазақстан және ТМД-ның басқа да елдерінің 200 миллионға жуық азаматының телефон нөмірлері, аты-жөні,тіркелген жері туралы дерек жарияланған.

"Алдын алу шаралары азаматтардың жеке деректерін заңсыз таратумен айналысқан адамдар мен қылмыстық топтарды анықтауға, сондай-ақ Украинаның жеке деректер саласындағы заңнамасын бұзған кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды анықтауға бағытталған. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде осындай бір ірі веб-ресурстың қызметі тоқтатылды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ сайтта автокөліктерді пайдалануға байланысты әкімшілік қызметтер туралы ақпарат табылған. ІІМ полициясы осы іс бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу