Бүгінде 1,6 мыңнан аса қазақстандық Украинада жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Бүгінде уақытша консулдық есепте 517 адам (елшілік қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері) бар. Тұрақты консулдық есепте 1 113 адам тұр", – деп жазылған Украинаның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат агенттігіне жіберген хатында.
Министрлік дерегінше, Қазақстан азаматтары негізінен Украинаның Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстары мен Киев қаласында тұрады.
"Бүгінде соңғы жағдайды түсіндіру бойынша 10-нан аса телефон қоңырауы мен электронды поштаға өтініштер келіп түсті. Азаматтардан Қазақстанға эвакуациялауға сұраныс түскен жоқ", – деп жазылған СІМ хатында.