Украинада қираған мектептер жөнделіп, сабақ басталды

621

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Украинадағы соғыс сөз болды.

Украинада қираған мектептер жөнделіп, сабақ басталды

Украина әскері жоспарлы шабуылға кіріскен. Текетірес екі жағына да оңайға соғып жатпағаны рас. Дегенмен таратылып жатқан ақпараттар Украина тарабының іске мықтап кіріскенін айтады. Басы-қасында жүрмегендіктен бұл соғысқа нақты баға бере алмасымыз түсінікті. Ресей насихатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының айтатыны бір басқа, ал Украинаның ақпарат көздерінің айтатыны бір басқа болып келеді.

Хабарлардың дені Украина шабуылының екпіні қатты болып тұрғанын білдіруде. Әрине, ту сыртынан жау шапқанда атқа қонған әскердің ел мен жер қорғаны жөн-ақ. Ұзамай орыс әскері сыр беріп қалады деп сәуегейлік етіп жатқан сарапшы көп. Кім білсін, орыстар да адам жиып, майдан даласына сарбазды орманша қаптатуға жанталасып бағуда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу