Украинада Ленинге қойылған ескерткіштің соңғысы құлатылды

1141

Украинада Ленинге қойылған ескерткіштің соңғысы құлатылды

Украинаның Чернигов облысына қарасты Новгород-Северский қаласында Лениннің соңғы ескерткіші сүрілді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Эспрессо.TV" телеарнасының мәліметтеріне сәйкес, ескерткіш 24 қазанға қараған түні құлатылған.

"Жергілікті билік коммунизм нышандарынан арылу заңын орындауға асықпағанымен, жергілікті қоғамдық белсенділер "шенеуніктерді тығырыққа тіреді", – деп айтылған телесюжетте.

Сүрілген ескерткішті жергілікті билік әзірге сақтап қойды, ол жақын арада саудаға шығарылады. Құрамында 4,5 тонна құнды металл бар ескерткішті сатып алушы адам табылмаса, монумент балқытуға жөнелтіледі.

2015 жылдың мамырында Украинада коммунистік және нацистік режимді айыптау заңы қабылданған болатын. Оған сәйкес, қандайда бір символика, оның ішінде советтік ту мен гербті пайдалануға, КСРО-ның, Украина КСР мен басқа да советтік республикалардың әнұрандарын жаппай орындауға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу