Украинада мемлекеттік екі банк жойылуы мүмкін

328

ХВҚ жариялаған меморандумға сәйкес, Киев бірден екі мемлекеттік банкті сатуға дайындықты бастады.  

Украинада мемлекеттік екі банк жойылуы мүмкін Фото: minfin.com.ua

Процесс ХВҚ несие берушілерінің талаптарына байланысты Укргазбанк пен Сеанс-Банкты сатуды көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Меморандумда осы жылдың мамыр айының соңына дейін Украина билігі сатудың "ашық рәсімі" аясында халықаралық қаржы кеңесшісін анықтауы керек делінген. Сонымен қатар, қаржылық активтерді иеліктен шығару бойынша халықаралық мәмілелерді жақсы білетін сарапшыға артықшылық беру керек.

Украина Қаржы министрлігі Мемлекеттік банктерді жекешелендіру туралы 2012 жылғы заң жобасын қайта қараумен айналысады, ал барлық өзгерістер Жоғарғы Раданың қарауына енгізіледі. Мемлекеттік қатысуы бар жүйелік банктерді қаржы министрлігі бақылайды, ал жүйелік емес банктер бюджет есебінен қайта капиталдандырылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу