Украинада оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты

740

Украинада оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты

Украинаның Харковь облысында оқ-дәрі қоймасынан шыққан өрттен екі адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты жергілікті билік қоймаға жақын қоныстанған 20 мың адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті басылымдар мұнда 5 қабатты тұрғын үй де өртенгенін хабарлап жатыр. Украинаның әскери прокуратурасы қоймаға біреулер қасақана от қоюы мүмкін немесе қызметкерлер өз ісіне жауапсыз қарады деген негізбен екі қылмыстық іс қозғады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жалын қойманың үштен бір бөлігін шарпыған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу