Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды

5087

Украина қауіпсіздік қызметі Мемлекеттік күзет басқармасының екі қызметкері Президент Владимир Зеленскийге қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды Фото: ptoday.ru

Арнайы қызметтің мақсатына Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк пен Украина әскери барлауының жетекшісі Кирилл Буданов та болғаны айтылады.

Хабарламаға сай, генерал барады деген үйге ракеталық соққы, кейін дронмен соққы және тағы бір рет ракетамен соққы жасалуы керек болған.

Украина қауіпсіздік қызметі "күдікке ілінген екі адам Зеленскийді кепілге алып, кейін өлтіретін әскерилерді де табуы керек болған" деп мәлімдеді.

Мемлекеттік күзет басқармасы президентті, жоғары лауазымды тұлғаларды қорғаумен айналысады. Бұл арнайы қызмет тікелей президентке бағынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу