Украинада 30 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Олар таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды 24.kz.
Додаға бірінші кезеңде азаматтардың көп дауысын жинаған шоумен әртіс Владимир Зеленский мен қазіргі президент Петр Порошенко түсуде.
Жалпы сарапшылар сайлаудың екінші кезеңіне азаматтардың қатысу белсенділігі жоғары болады деп болжап отыр. Ал жергілікті заң бойынша екінші турда сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат жеңімпаз атанады.
Сайлаудың алғашқы қорытындысы ертең белгілі болуға тиіс. Бірақ жеңімпаздың аты ресми түрде мамырдың 1-і күні жарияланады.