Украинада Ресей әуе күштерінің шабуылы жалғасуда - әуе дабылы жарияланды

547

Украинаның бірқатар аймақтарында әуе дабылы қайта жарияланды. Украиналық БАҚ хабарлағандай, 11 қазанда зымырандардың жаңа толқыны күтілуде.

Украинада Ресей әуе күштерінің шабуылы жалғасуда - әуе дабылы жарияланды

Әуе дабылы Днепропетровск, Чернигов, Одесса, Винница және Сумы облыстарында жарияланды.

Ал Одесса, Винница облыстарында жарылыстар болған, бірақ билік бұл ақпаратты әлі ресми растаған жоқ. Ровно мен Кривой Рогқа да әуеден оқ жаудырылған.

Әлеуметтік желілерде зымыран соққылары Хмельницкий облысындағы Шепетовка теміржол вокзалына тигені туралы хабарламалар пайда болды.

Сондай-ақ, зымыраннан Одесса облысында Березовка ауданындағы маңызды инфрақұрылым нысанына зақым тиген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу