Украинада Ресей мен Беларусь спортшыларымен жарыстарға тыйым салынды

547

Жоғарғы Рада депутаты Жан Беленюк Украинаның жастар және спорт министрлігі жергілікті спорт майталмандарына Ресей мен Беларусь спортшылары қатысатын жарыстарға қатысуға тыйым салу туралы бұйрығын жариялады. 

Украинада Ресей мен Беларусь спортшыларымен жарыстарға тыйым салынды Фото: sport.ua

Бұйрықты бұзғаны үшін спорт федерациялары қаржыландырудан айырылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Әйтеуір осы күнге де жеттік, міне, ресми бұйрық шықты", — деп жазды депутат бейсенбіде өзінің Telegram арнасында құжаттың фотосуреттерін жариялап.

"Украинаның ұлттық құрама командаларының ресми делегацияларына Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының спортшылары қатысатын халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салу", - делінген бұйрықта.

Құжат министрлік шенеуніктеріне ресейлік және беларусьтік спортшылардың жарыстарына қатысқан жағдайда делегацияларды іссапарлардан қайтарып алуды тапсырады. Сондай-ақ, шенеуніктер жарыстарды қадағалап отыруы керек, ал бұйрық бұзылған жағдайда - осы спорт түрінен федерацияны ұлттық мәртебеден айыруға құжаттар тапсыруы керек. Ал онсыз федерация мемлекеттік қаржыландырудан қағылады.

Бұйрықтың фотосуретінде күні көрсетілмеген, депутат құжаттың қай сәттен бастап күшіне енетінін нақтыламады. Сайтта және спорт министрлігінің әлеуметтік желілерінде бұйрық туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу