Украинада "Ресей шапқыншылығы" басталғалы 377 бала қаза болды

475

Соғыс болып жатқан аймақтарда қаншасының ажал құшқаны есептелген жоқ.

Украинада "Ресей шапқыншылығы" басталғалы 377 бала қаза болды

"Ресейдің шапқыншылығы" салдарынан Украинада 377 бала қаза болды. Бұл туралы Украинаның Бас прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бірақ қаза тапқан балалардың саны бұдан көп. Статистикаға аты-жөндері расталғандар ғана енгізілді. Соғыс болып жатқан аймақтарда қаншасының ажал құшқанын есептеу әзірге мүмкін емес. 

Бас прокуратураның мәліметінше, 733-тен астам бала түрлі деңгейде жарақат алған. Әсіресе Донецк (388), Харьков (202), Чернигов (68), Николаев (67), Луганск (61), Херсон (55), Запорожье (42) және Киев (16) облыстарында жарақаттанғандар көп.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу