Украинада ресейлік әскери мотоатқыштар бригадасының 800 әскериі қаза тауып, 400-і жарақат алды

651

Украина аумағындағы қақтығыста Ресейдің 15-ші жеке мотоатқыштар бригадасының 800 әскериі қаза тапты. Бұл туралы Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы хабарлады.

Украинада ресейлік әскери мотоатқыштар бригадасының 800 әскериі қаза тауып, 400-і жарақат алды

"Біздегі ақпарат бойынша, Украинадағы соғыс қимылдарында Орталық әскери округтің 15-ші жалпы әскери армиясының 2-ші жеке мотоатқыштар бригадасы ойсырай жеңіліс тапты. Шамамен 800 адам қайтыс болып, 400-ге жуығы жараланды. Жалпы, Украина аумағындағы соғыс қимылдарына шамамен 1800 әскери қатысты", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін Украина Қарулы Күштерінің ұшақтары елдің оңтүстігіндегі Ресей әскеріне және Херсонщина аймағындағы ресейлік тірек пункттерінің біріне шабуыл жасаған. Зымыран-артиллерия бөлімшелері 30 жауынгерді жер жастандырып, үш оқ-дәрі қоймасының көзін жойды.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметі бойынша, осы күнге дейін 31 500 ресейлік әскери жер жастандырылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу