Украинада Ресейлік шабуылдан зардап шеккендер саны 38-ге жетті

185

Оның ішінде Киевте 27 адама қаза тапты, олардың арасында төрт бала бар. 

Украинада Ресейлік шабуылдан зардап шеккендер саны 38-ге жетті Фото: DW

8 шілдедегі Украинаға Ресейдің жаппай зымыран соққысынан 38 адам қаза тапты. Бұл туралы Telegram-да Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"190 адам жарақат алды. Барлығына көмек көрсетіледі. Киев ауруханаларында 64 адам, 28-і Кривой Рогта, 6 адам Днепрде ауруханаға жатқызылды", - деп нақтылады Зеленский.

Сонымен қатар Х-101 зымыраны дөп түскен "Охматдет" балалар ауруханасының барлық пациенттері басқа медициналық мекемелерге ауыстырылғанын хабарлады. 

Украинаның облыстық әскери әкімшіліктерінің мәліметтері бойынша, Кривой Рогта 10 адам және Днепрде бір адам қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет (ТЖМ) хабарлағандай, Киевтің Шевченков ауданындағы үйінділер арасынан баланың денесі табылды.

"Жаудың кешегі Киевке жасаған шабуылы нәтижесінде 27 адам қаза тапты, олардың ішінде 4 бала, 117 азамат зардап шекті, 7 адам құтқарылды", - делінген хабарламада. Құтқару әрі тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу