Украинада ресейлік және беларусиялық кәсіпорындардың мүлкі тәркіленді

698

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аса ірі мөлшерде салық төлеуден қасақана жалтару фактісі бойынша жүргізіледі.

Украинада ресейлік және беларусиялық кәсіпорындардың мүлкі тәркіленді

Украинада құны 360 миллион грн-нен асатын Ресей мен Беларусь кәсіпорындарының мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокурордың кеңсесінің хабарлауынша, құны 10 млн грн-нен астам 315 теміржол контейнері және РФ мен РБ кәсіпорындарына тиесілі 350 млн грн тұратын тауар бұғатталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Украина аумағында Ресей және Беларусь кәсіпорындарына тиесілі теміржол контейнерлері, сондай-ақ Украинаның Кедендік заңнамасын бұза отырып әкелінген және пайдаланылған минералды тыңайтқыштар тиелген 300 теміржол вагоны бар екендігі анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аса ірі мөлшерде салық төлеуден қасақана жалтару фактісі бойынша жүргізіледі.

Маусым айының басында Бас прокурордың кеңсесі Ресей мен Беларусь компанияларының мүлкін, яғни құны 21 млн доллар болатын 420 теміржол вагонын тәркілеген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: vrtranspoint.fi

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу