Украинада соғыс жағдайы енгізілуі мүмкін

1007

Елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қызметі осындай ұсыныс тастады.

Украинада соғыс жағдайы енгізілуі мүмкін

Азов теңізіндегі жағдай ушығып барады. Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қызметі елде соғыс жағдайын енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Ресейдің арнайы барлау қызметі  Украинаның әскери теңіз күштерінің үш кемесін тоқтатып, біреуін соққан. Сонымен қатар Ресей тарапы Қара теңізде Украина кемелеріне атыс ашқан. Салдарынан Украинаның теңіз әскери күшінің бірнеше жасағы жарақат алды.

Одесса портынан шыққан кемелер Керчь бұғазы арқылы Мариуполь кемежайына жол тартқан. Қазір тараптар бірін-бірі айыптаумен әлек. Украина билігі бұл әрекет алдын ала ескертілген деп бой бермесе, Ресей тарапы кемелердің теңіз аумағына заңсыз кіргенін алға тартып, алдын ала жоспарланған сапары емес екендігін айтады. Сонымен қатар бұл арандату үшін жасалған арнайы әрекет деп отыр. Осы жағдайға байланысты Ресей үкіметі бүгін БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңес мүшелерінің шұғыл отырысын өткізуін сұрайды.

Еуроодаққа мүше елдер де осы шиеленісті қатаң сынға алып, Ресей тарапына теңіздегі кемелердің еркін қозғалысын қайта қалпына келтіру керек деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу