Украинада соғыс жағдайы тағы ұзарды

475

Тиісті шешімді елдің парламенті қабылдады.  

Украинада соғыс жағдайы тағы ұзарды Фото: AP

Украинада Жоғарғы рада елдегі әскери жағдай мен мобилизациялауды тағы 90 күнге ұзарту туралы заң жобаларын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленский тиісті құжаттарды Парламенттің қарауына ұсынған. 

"Жоғарғы рада президент Владимир Зеленскийдің елде әскери жағдайды ұзарту туралы жарлығын бекітті", – деп хабарлады Украина парламенті. 

Жоғарғы раданың шешіміне сәйкес, соғыс режимі 3 ақпаннан 4 мамырға дейін ұзартылады. Бұл заң жобасын 330 депутат қолдап дауыс берді. Жалпы мобилизация мерзімін ұзарту туралы шешім 312 дауыспен қабылданды.

Былтыр Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдіктері берілмейінше, Ресеймен соғыс бітпейтінін айтқан болатын. Жалпы алғанда Украинада әскери жағдай 2022 жылдың ақпанында Ресейдің елге басып кіруінен кейін енгізілді. Сол уақыттан бері азаматтарды жалпы мобилизациялау туралы заңға қол қойылды. 2025 жылдың тамызында Украина үкіметі 18 бен 22 жас аралығындағы жастарға елден шығуға рұқсат берген болатын.

Айта кету керек, Украинада әскери жағдай соңғы рет 2025 жылғы 30 қазанда ұзартылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу