Украинада соғыс жағдайы ұзартылмақ

650

Жаппай жұмылдыру тағы да созылуы мүмкін. 

Украинада соғыс жағдайы ұзартылмақ

Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға елдегі соғыс жағдайын ұзарту туралы заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Рада сайтындағы ақпаратқа сәйкес, президенттің "Украинадағы соғыс жағдайының мерзімін ұзарту туралы" жарлығын бекіту туралы заң жобасы тіркеліп, парламенттің қарауына жіберілді.

Сонымен қатар Зеленский жаппай жұмылдыру мерзімін де ұзарту туралы заң жобасын енгізді.

24 ақпанда Украинаның бүкіл аумағында соғыс жағдайы енгізілді. Осы күнге дейін ол екі мәрте ұзартылды. Соңғы мәрте Рада оны 25 сәуірден бастап тағы 30 күнге созу туралы шешім қабылдады.

25 ақпанда Зеленский жалпы жұмылдыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес жұмылдыру Киевте және Украинаның барлық аймақтарында 90 күн ішінде жүзеге асырылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу