Украинада тауарлары қалып қойған кәсіпкерлер биліктен көмек сұрады

904

Сонымен қатар Украинадан тауарды тонналап тасымалдаушылар биліктен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.  

Украинада тауарлары қалып қойған кәсіпкерлер биліктен көмек сұрады

Отандық импортерлардың заттары тиелген 30-дан астам жүк көлігі қазір сол елдің шекарасынан әрі аса алмай тұр. Кешелі бері Киев және Дубно қалаларынының өткізу пунктерінде аялдаған.

Кәсіпкерлердің сөзінше, Қазақстанға жетпей, орта жолда тұралап қалғандардың ішінде жеміс-жидек, ауыл шаруашылығы тауарлары, шикізат, тіпті кондитерлік өнімдерді тасымалдайтындар да бар.

Бұл жайттан хабардар "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сыртқы саясат ведомствосы мен Сауда және интеграция министрлігіне хат жолдаған. Қауіпті аймақта қалып қойған көліктер мен жүргізушілерді Беларусь не Польша елдеріне жеткізіп беруін өтінуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу