Сенбілік ұйымдастырғандардың арасында дипломаттар, қазақ диаспорасының өзге де өкілдері мен шетелде білім алып жүрген отандастарымыз бар, деп хабарлайды 24.kz.
"Туған жер" бағдарламасы аясындағы бұл шарада жерлестеріміз Киевтегі саябақтардың біріне орнатылған Жамбыл Жабаев ескерткішінің маңайын тазартты. Қазақтың біртуар ақыны Жамбыл Жабаев ескерткіші төңірегінде сенбілік өткізуге республикамыздың Украиндағы елшілігі мұрындық болған. Күннің бұлыңғырлығына қарамастан, шетелде тұратын отандастарымыз бұл бастамаға бір адамдай қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу