Украинада ұшақ апатты жағдайда қонып, 5 адам қаза тапты

945

Қайғылы оқиға Львов қаласындағы әуежай маңында болған. 

Украинада ұшақ апатты жағдайда қонып, 5 адам қаза тапты

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі басқармасының дерегіне сүйенсек, апатқа ұшыраған Ан-12 ұшағының бортында 8 адам болған. Оның жетеуі – экипаж мүшелері, ал біреуі – жүк тасымалына жауап беретін қызметкер. Бұл туралы инфрақұрылым министрінің орынбасары Юрий Лавренюк өзінің Фэйсбуктегі парақшасында жариялады. Апаттан бес адам қаза тауып, 3 кісі түрлі деңгейде жарақат алды. 

Алдын ала дерек бойынша, Испаниядан Стамбул қаласына бет алған бұл ұшақтың жанармайы таусылып қалған. Ол жанармай құйып алу үшін Львов қаласындағы әуежайға қону керек болатын. Бірақ ұшып-қону жолағына бір шақырымдай қалған кезде жерге құлаған. 
Әзірге экипаж құрамындағы адамдардың қай елдің азаматы екені және ұшақтың не тасымалдамақ болғаны анықталған жоқ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу