Украинадағы 5 мың әйелге әскери форма керек

776

Украинадағы әйелдерге 5 мың әскери форма жетіспейді. Әлеуметтік жобаны қолға алған Киев қалалық кеңесінің депутаты Ирина Никорак арнамызға осылай деп сұхбат берді, деп хабарлады Atameken Business.

Украинадағы 5 мың әйелге әскери форма керек

Қазір халық қалаулысы соғыста жүрген 5 мыңнан аса қыз-келіншекті киім-кешекпен қамтамасыз етумен айналысады. 200 форма майданға жіберілді. Енді қалғанын дайындап үлгеру керек.

Депутаттың айтуынша, ұрыс алаңында жүргендердің дене бітімі шағын. Оларға қару асынып, ауыр қорғаныс желеткелерін киіп жүру оңай емес. Сондықтан барынша ыңғайлы киіммен қамтамасыз етпесе болмайды. Қазір тігінге қажетті матаны әлеуметтік желі арқылы ақша жинап, алып отыр. Оған украиналық танымал адамдардың септігі тиген.

Алдағы уақытта Еуропа және АҚШ азаматтары да қаржылай көмек береді деген үміт бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу