Украинадағы әскери ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты

681

Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты болған.

Украинадағы әскери ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты

Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқандығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Укринформ" сайтына сілтеме жасап.

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы. Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу