Украинадағы ауыл шаруашылығы дағдарыс алдында тұр

401

Фермерлердің есептеуінше шығын көлемі биыл $3,2 млрд асады.  

Украинадағы ауыл шаруашылығы дағдарыс алдында тұр Фото: Inbusiness.kz

Түрлі шығындардың өсуі, әсіресе, тасымалдауға кететін қаражаттың артуы салдарынан Украинаның ауылшаруашылығы қазір дағдарыс алдында тұр. Бұл туралы ВВС-ге берген сұхбатында елдің аграрлық саясат Министрінің бірінші орынбасары Тарас Высоцкий мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Высоцкийдің айтуынша, шығындар күрт өсті, ал әлемдік бағалар, керісінше, төмендеді, осыған байланысты украин ауылшаруашылық өнімдерінің көптеген түрлерінің экспорты жергілікті фермерлер үшін тиімсіз болып келеді. Егер бұл шығындарды азайту мүмкін болмаса, мысалы, теңіз арқылы экспорт ұлғайтылмаса, көптеген агроөндірушілер банкротқа ұшырайды, бұл өз кезегінде Украина экономикасы мен әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, деді Украина министрі.

Украиналық фермерлердің бірнеше бірлестіктері биылғы жылы күтілетін шығын көлемін есептеді, есептеу нәтижесі 3,2 миллиард долларды құрады . Логистиканың қымбаттауынан басқа, отын, тыңайтқыштар мен құрал-саймандар да қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу