Украинадағы эскалация салдарынан АҚШ инфляциясы 10%-ға өсуі мүмкін

862

Соңғы мәрте мұндай көрсеткіш 1981 жылдың қазан айында тіркелген еді.

Украинадағы эскалация салдарынан АҚШ инфляциясы 10%-ға өсуі мүмкін

Украина төңірегіндегі жағдай шиеленіссе, АҚШ-тағы инфляция соңғы 41 жылда алғаш рет 10%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы CNN телеарнасы RSM халықаралық консалтингтік компаниясының мамандары жүргізген талдау нәтижелеріне сілтеме жасап хабарлады.

RSM сарапшысы Джо Брусэлас Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс мұнай бағасының 120 долларға дейін көтерілуіне себеп болуы мүмкін деп санайды. Бұған дейін JPMorgan Chase сарапшылары да шикізат құны 120 долларға жетуі ықтимал деп топшылаған болатын.

Брусэластың пікірінше, жылдық тұтыну бағасы 2,8 пайыздық тармаққа өсіп, бұның арты инфляцияның 10%-ға артуына әкеліп соқпақ. АҚШ-та соңғы мәрте мұндай көрсеткіш 1981 жылдың қазан айында тіркелген еді. 

Ескере кететін жайт, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Қырымдағы әскери жаттығулардың аяқталғанын хабарлады. Ал АҚШ Президенті Джо Байден соғыс басталған жағдайда Украинаға америкалық әскерді жіберуден бас тартып, қолдау шарасы ретінде ол Украинаға жабдықтар мен қару-жарақ жібеурге уәде берді.

Табиғат Нұрболат

Фото: economictimes.indiatimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу