Украинадағы Кахов ГЭС бөгеті қирауынан қаза тапқандар саны 46-ға дейін өсті

821

Оның бұзылуына жауапкершілікті Киев пен Мәскеу бір-біріне сілтеп отыр.

Украинадағы Кахов ГЭС бөгеті қирауынан қаза тапқандар саны 46-ға дейін өсті Фото: Anadolu Agency

Кахов ГЭС-і қирап, Украинаның Херсон облысындағы аумақтарды жаппай су басқаннан кейін қаза тапқандар саны 46 адамға дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы ТАСС-қа бейсенбіде Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. "Соңғы мәліметтер бойынша, 46 адам қайтыс болды, 122 адам зардап шекті, олар гипотермиямен және басқа жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деді агенттік сұхбатшысы.

Украинаның Херсон облысындағы Каховская ГЭС 6 маусымда таңертең қирады. Оның бұзылуына жауапкершілікті Киев пен Мәскеу бір-біріне сілтеп отыр.

Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, ел Үкіметі Херсон мен Николаев облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін 565 миллион гривен бөлді.

Украина Минагрополитиктері Каховская ГЭС-тің жойылуы келесі жылы Украинаның оңтүстігіндегі өрістердің шөлге айналуына әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.

"Кахов су электр станциясындағы террористік акт Херсондағы суару жүйелерінің 94 пайызын, Запорожьедегі 74 пайызын және Днепропетровск облыстарындағы 30 пайызын су көзінсіз қалдырды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу