Украинадағы қақтығыста Американың өз көздегені бар

465

АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинадағы "әскери арнайы операция" кезінде жетістікке жетпеуі керек деп мәлімдеді.  

Украинадағы қақтығыста Американың өз көздегені бар Фото: politico.com

Америкалық көшбасшы бұл пікірді MSNBC арнасына берген сұхбатында айтты.

Сонымен бірге ол Киевке көрсетілген көмек болашақта өзін-өзі айқтайтынын айтып, америкалықтардың ұстанымы неге өзгермеуі керек екенін түсіндірді.

"Біз украиндар дегенде, НАТО, Батыс Еуропаны да айтқанымыз. Мұның бәрі Путин табысқа жетпеуі үшін жасалып жатыр", - деді Ақ үй басшысы.

Осылайша, Байден Украинаға әскери көмекке жұмсалған ақшаны ақтауға тырысты, әрі ресми түрде болмаса да, Украинадағы қақтығыстың бір тарапы екенін мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу