Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқан қазақстандық сотталды

1059

Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқан қазақстандық сотталды

Семей қаласының тұрғыны Украинадағы қарулы қақтығыстарға Донецк Халық Республикасы (ДХР) жағында қатысқаны үшін қылмыстық жазаға тартылды. Бұл туралы Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады КазТаг. 
"Семей қаласының № 2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімі, 172-бабы бойынша сотталды және оған шартты түрде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындау арқылы сынақ мерзімін қосып бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сәрсенбіде соттың  баспасөз қызметінің хабарында.
Семейлік тұрғын Ресей мен Украина арасындағы шекаралық өткізу пункттерінен айналып өтіп, өзін-өзі жария еткен ДХР аумағына кіргені белгілі. 
"Соғыс кезінде айыпталушы Украинаның ресми үкіметі жүргізген антитеррорлық операциядан азаматтық халықтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Донецк халық жасағына көмек көрсету мақсатымен қатысқан. Ол халық жасағына қатарына қосылып, әскери дайындықтан өтіп, ДХР жағында қару-жарақпен әскери операцияларға қатысқан", - деді сотта.
Соттың мәлімдеуінше, 2016 жылғы желтоқсанда ол үйге оралғанда, 2017 жылдың ақпан айында заңсыз Макаров тапаншасын алып, оны Павлодарда сатқан.
"Семей қаласының № 2 сотының үкімімен Ш. деген азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімі, 172-бабы бойынша сотталды және оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және сынақ мерзімі бекітілді", - делінген хабарламада. 
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу