Украинадағы қазақ диаспорасы қайырымдылық акциясын өткізді

648

Украинадағы қазақ диаспорасы 19 мамырда Киев облысы Ворзель қаласында қайырымдылық акциясын өткізді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Украинадағы қазақ диаспорасы қайырымдылық акциясын өткізді

"Бұл қазақ диаспорасы өткізіп жатқан төртінші акция. Бұған дейін олар Буча, Гостомель және Мерецкий қалаларының тұрғындары үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын", – деп хабарлайды ҚР Украинадағы Елшілігі.

Ворзельдегі іс-шараға Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев пен елшілік қызметкерлері қатысты.

Қала тұрғындарына бірінші қажеттіліктегі заттар берілді, сондай-ақ олар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу