Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Киевтегі елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялауды қамтамасыз етуде, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Украинадағы Қазақстан азаматтары елшілікке Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және "жедел желі" телефондары арқылы хабарласа алады: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстандықтар Харьков (консулдық аймақтар – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан Қазақстанның құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан азаматтары хабарласуы үшін келесі "жедел желі" ашылды +7 (7172) 72-06-06.