Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталсын:
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
Калетаев Дархан Аманұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
І дәрежелі "Айбын" орденімен
Қызыр Думан Манарбекұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі;
ІІ дәрежелі "Достық" орденімен
Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина
Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;
"Құрмет" орденімен
Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі
Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы
Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулы;
"Шапағат" медалімен
Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары
Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз
№ 837