Украинадағы Қазақстан елшілігі салтанатты қабылдау шарасын өткізді

697

Украинадағы Қазақстан елшілігі  салтанатты қабылдау шарасын өткізді

Украинадағы Қазақстан елшілігі Астананың 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау шарасын өткізді, деп хабарлайды 24.kz.

Жиынға дипломатиялық өкілдіктер, қазақ диаспорасы, қоғамдық-саяси және іскер топ өкілдері қатысты. Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі Самат Ордабаев келген қонақтарға Астана туралы баяндап берді. Қабылдауда бас шаһар туралы деректі фильм көрсетіліп, қонақтар арасында Астанаға қатынайтын ұшаққа тегін билет ойнатылды.

Тосын сыйлыққа Украина Ұлттық академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Нариман Сейтягьяев ие болды.

"Мен Алматы мен Түркістанда болдым. Бірақ Астананы әлі көрген жоқпын. Сондықтан бұл шаһарға қуана барамын", - дейді  Нариман Сейтягьяев.

"Украина мен Қазақстан білім, ғылым, IT саласында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Керемет жобалар жүзеге асырылып жатыр. Екі елдің әлеуеті зор. Қос мемлекетте оқып жатқан студенттер сапалы білім алып, озық технологиялармен танысып жатыр. Астана күні құтты болсын", - дейді тарих ғылымының кандидаты, доцент Елена Шаповалова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу