Украинадағы қазақстандықтар 3 рейспен эвакуациялануы мүмкін

1043

Бүгінде елден кетуге 486 қазақстандық ниет танытқан.  

Украинадағы қазақстандықтар 3 рейспен эвакуациялануы мүмкін

Украинадағы барлық қазақстандықты елге қайтару үшін 3 рейс керек. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Sputnik Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де Украинадан эвакуациялауға Қазақстанның 486 азаматы өтініш берген.

Дархан Кәлетаев пікірінше, барлық қазақстандықты елге қайтару үшін жоқ дегенде 3 рейс керек. Бірақ бұл сан өзгеруі мүмкін.

"Бұл 500-ге жуық адам. Оның өзі нақты емес. Бұл бүгін таңғы сағат 6-дағы мәлімет", – деді елші.

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің дерегінше,тағы 500-ге жуық қазақстандық консулдық есепте тұр. Олардың ішінде дипломаттар мен Украинаға жұмыс істеуге келгендер бар. Сондай-ақ есепке тұрудан бас тартқандар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу