Украинадағы майданда 600 мың ресейлік сарбаз соғысып жатыр – Путин

371

Ұрыс аймағы үлкен - шамамен 2 мың км.

Украинадағы майданда 600 мың ресейлік сарбаз соғысып жатыр – Путин Фото: Armyinform.com.ua

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы ұрыс аймағында 600 мыңға жуық орыс әскері бар екенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Путин соғыс қимылдарына қатысып жатқан ерікті студенттермен әңгімелесу барысында айтқан.

"Ұрыс аймағы үлкен - шамамен 2 мың км, ал ұрыс аймағында 600 мыңнан астам адам бар. Бұл өте үлкен механизм", - деді Путин.

Путин бұған дейін де осындай сандарды айтқан болатын. Өткен жылдың соңында өткен тікелей желіде ол "арнайы әскери операция" (Ресей билігі Украинадағы соғысты осылай атайды) аймағында 617 мың ресейлік әскер бар екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу