Украинада президенттік сайлаудың екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.
Айтуынша, шоумен Владимир Зеленский 73,2 пайыз электораттың дауысын жинаған. Ал дауыс берушілердің 25,3 пайызы Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенконы қолдаған.
Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Порошенко өз жеңілісін мойындап, қызметінен кетсе де, саясаттан алшақтамайтынын айтты.
Айта кетейік, осы жолы сайлаушылардың 63,53 пайызы өз таңдауын жасаған. Доданың бірінші кезеңінде де әртіс Владимир Зеленский ең көп дауыс жинаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу