Украинадағы президент сайлауында елімізден 11 адам бақылаушы болды

1548

ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев Украинаның ОСК-ның шақыруымен 2019 жылғы 31 наурызда Украинадағы президент сайлауын байқауға қатысты.

Украинадағы президент сайлауында елімізден 11 адам бақылаушы болды

2019 жылдың 30 наурызында Берік Имашев Украинаның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачукпен кездесті. Кездесу барысында Украина Орталық сайлау комиссиясының басшысы халықаралық байқаушыларға сайлау науқанының негізгі кезеңдері, сайлауды дайындау және өткізу, осы сайлаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

2019 жылғы 31 наурыздағы сайлау күні ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сайлау учаскесінің ашылуын, дауыс беру процесін, дауыстарды санауды және сайлау қорытындыларын шығаруды бақылау үшін Украина астанасында бірқатар сайлау учаскелерін аралады.

"Жалпы қазақстандық делегация өкілдері сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейін, сондай-ақ сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысын атап өтті", – делінген хабарламада.

Байқауға Қазақстаннан 11 өкіл қатысты, олардың екеуі – Украина Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен барды. Алты адам ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның байқаушылар құрамында, ал үш адам ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу