Украинадағы шиелініс басталғалы ЕО-ның Ресейге экспорты 47%-ға төмендеп, ТМД-да 48%-ға өсті

442

Ресейдің Украинаға басып кірген тоғыз ай ішінде Еуропалық одақтан Ресейге тауарлар экспорты 47%-ға төмендесе, ТМД елдеріне керісінше 48%-ға өскен.    

Украинадағы шиелініс басталғалы ЕО-ның Ресейге экспорты 47%-ға төмендеп, ТМД-да 48%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Euromonitor International басылымы Eurostat деректерінен сүйене хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес, Ресейге соғыс басталғалы бері Еуропалық Одақ 36,3 миллиард еуроға тауар экспорттады (бір жыл бұрынғы 69,2 миллиардпен салыстырғанда). Сол уақытта ТМД елдеріне: Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанға – Еуроодақтан 20,3 миллиард еуроға бағаланған тауар түсті (бір жыл бұрынғы 13,7 миллиардпен салыстырғанда).

Сонымен бірге, ТМД-ның аталған елдерінен Ресейге де экспорт шамамен 40%-ға немесе ақшалай түрде 9,4 миллиард еуроға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу