Украинадағы соғыс әлемдік рецессияға әкеліп соғуы мүмкін – Дүниежүзілік банк

770

Дамушы елдер тыңайтқыштар, азық-түлік пен энергия қорының жетіспеушілігінен зардап шекті.

Украинадағы соғыс әлемдік рецессияға әкеліп соғуы мүмкін – Дүниежүзілік банк

Ресейдің Украинадағы соғысы және бұл қақтығыстың азық-түлік пен энергия бағасына, тыңайтқыштардың қол жетімділігіне тигізетін әсері жаһандық рецесессияға әкеліп соғуы мүмкін, Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Малпастың айтуынша, Германия экономикасы энергия бағасының өсуіне байланысты айтарлықтай баяулағанын атап өтті және тыңайтқыш өндірісінің төмендеуі басқа елдердегі жағдайды нашарлатуы мүмкін екенін айтты.

Дүниежүзілік банк басшысы Украина мен Ресейдің экономикасы айтарлықтай әлсіреп, Еуропа, Қытай және АҚШ-та өсім баяулайтынын жеткізді. Оның айтуынша, дамушы елдер тыңайтқыштар, азық-түлік пен энергия қорының жетіспеушілігінен зардап шеккенін мәлім етті.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік банк өткен айда Ресейдің Украинаға басып кіруінің салдарынан 2022 жылға арналған жаһандық экономикалық өсім болжамын 4,1%-дан 3,2%-ға дейін қысқартты.

Табиғат Нұрболат

Фото: depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу