Бұған азаматтарды хабардар етуге жауап беретін ресми ресурстың деректері дәлел бола алады, деп жазады inbusiness.kz.
Түн ортасынан бастап дабыл Полтава, Сумы, Черкасс пен Чернигов облыстарында жарияланды. Астана уақытымен 06.02-де ескертулер Винница, Житомир, Киев, Кировоград және Черкасс облыстарында, сондай-ақ Киевте жариялана бастады.
Одан кейін әуе дабылы Днепропетровск, Николаевск пен Одесса облыстарында іске қосылды. 08.48-ге дейін ескертулер Батыс Украинаның сегіз аймағын қамтыды.
Ресейдің Украина аумағына шабуылы жалғасып жатыр. Жұмаға қараған түні Киев пен Киев облысында жарылыстар болды. Сонымен қатар Днепр қаласына екінші рет соққы жасалды.
Бұған дейін Жоғарғы Рада депутаты Максим Бужанский Днепрде кем дегенде төрт жарылыс естілгенін айтқан болатын. Украинаның Днепропетровск пен Харьков облыстарында жарылыстар туралы да хабарланды.