Украинадағы соғыс барысы тарих кітабына енгізіледі

249

Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі қазіргі заманғы оқиғаларды Ресей тарихы бойынша университеттік оқулықтарға, соның ішінде Украинадағы соүыс барысын қосу тұжырымдамасын қолдайды.  

Украинадағы соғыс барысы тарих кітабына енгізіледі Фото: Anadolu Agency

Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Константин Могилевский мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kzhttp://inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ол қазір тарихты оқытудың екі тәсілі бар екенін түсіндірді.

"Бірінші тәсіл — білім алушылар ғасырлар тереңінен келе жатқан және белгілі бір дәрежеде қазіргі уақытты қалыптастыратын тенденцияларды қадағалай алуы үшін оқытуды бүгінгі күнге дейін жалғастыру", - деді министрлік өкілі.

"Тағы бір көзқарас мынада: қазіргі болып жатқан дүниелер тарихқа жатпайды, тек бұрын болған оқиғалар тарих деп есептеледі, сондықтан бір жерде оқытуды тоқтату керек. Содан кейін сұрақ туындайды – қай жылдан бастап тоқтау керек? 10 жыл бұрын болған оқиғалар тарих па әлде қазіргі заман көрінісі ме? Сондықтан қазір кәсіби қоғамдастық пен министрлік бұл мәселеде тарихшыларды қолдады", - деп жалғастырды ол.

Могилевский 16 шілдеде Ресей  Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы тарихи білім беруді дамыту жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтетінін, оның барысында оқулық редакциясының жаңа тұжырымдамасы бекітілетінін айтты.

Оның айтуынша, оқулықтарда Украинадағы соғыстың алғышарттары, оның мақсаттары, міндеттері мен негізгі кезеңдері көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу